Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" атты республикалық акция аясында мамандар студенттермен кездесті

Жарияланған күні:

Республикалық акция
Республикалық акция. Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Шымкент қаласында "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" республикалық акциясы жалғасып жатыр. Осы акция шеңберінде Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да Шымкент қаласы бойынша "Әйелдер күштерінің альянсы" заңды тұлғалардың бірлестігі мен ҚХА жанындағы "Аналары кеңесінің" ұйымдастыруымен өткен іс-шарада мамандар білім алушы жастарға зорлық- зомбылыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, қыз бала тәрбиесі, олардың құқығы жайында түсіндіріп берді.

"Университетіміз «Әйелдер күштерінің альянсы» бірлестігімен меморандумға отырған болатын. Осында білім алатын студенттің 90 пайызы қыздар. Қыз – болашақ ана, отбасының ұйытқысы. Сондықтан біз оқу орнында «Болашақ ана» мектебін ұйымдастыруды көздеп отырмыз.

Мектебімізден өткен қыздар келешекте ибалы келін, мейірімді ана болса, біз үшін өте үлкен қуаныш", — деді Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ ректоры Гүлжан Сүгірбаева.

"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" республикалық акциясы
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Жиында Жанета Жазықбаева бүгінгі күні "Әйелдер күштерінің альянсы" заңды тұлғалардың бірлестігінің жұмыстарын таныстырып, республикалық акцияның мәніне тоқталды.

"Қоғамда әйелдер мен балалардың психологиялық қиындықсыз өмір сүру құқықтары туралы сауатын арттырып, зорлық-зомбылықтың барлық түрлеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыруды ниет еттік. Акцияның мақсаты да осы – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмауды көздейді" , — деді Ж.Жазықбаева.

"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" республикалық акциясы
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-де "Психологиялық қолдау орталығының психологы Ұлдана Күмісбекке студент жастар ата-аналарының жанжалы, бауырлар арасындағы кейбір келіспеушілік, отбасында тиымдар төңірегіндегі сұрақтармен жиі келеді екен. Қыркүйек айынан бүгінге дейін 32 студент маманның көмегіне жүгінген.

"Психологиялық кеңес алуға көбіне 1 курс студенттері келеді. Өткен оқу жылында 1-4 курс студенттері арасында түрлі жиындар мен түсіндірме жұмыстары, арнайы сағаттар мен кеңестерді ұйымдастырудың арқасында, биыл мәселемен келетін жастар саны азайды, - дейді маман.

"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" республикалық акциясы
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050010-symkentte-zorlyq-zombylyqsyz-16-kun-atty-respublikalyq-akciya-ayasynda-mamandar-studenttermen-kezdesti/