jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Терезені сындырып, қашып кеткен": Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған үш қыз іздестіріліп жатыр

Қыз балалардың аяқтары
Орындықта отырған қыз балалар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақтөбе облысындағы "Аяла" кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының үш тәрбиеленушісі терезені сындырып қашып кеткен. Бойжеткендер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық ПД-ның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

ПД мәліметінше, 8 желтоқсанда полицияға "Аяла" кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы тәрбиешісінің көмекшісі хабарласып, сағат 23:00 шамасында орталықтың үш тәрбиеленушісі терезені сындырып қашып кеткенін хабарлады.

"Олар Мырзакенова Манар Абайқызы - 05.06.2006 ж.т. Бойы 160 см, дене бітімі орташа, шашы қара.

Тезекбаева Амина Иманқұлқызы - 14.03.2006 ж.т. Бойы 165 см, дене бітімі арық. Шашы қоңыр. Сол жақ иықта меңі бар.

Дошонова Жұлдызай Мұратбекқызы - 01.10.2006 жылы туған. Сұры түсті спорттық киім киген", - деп жазылған хабарламада.

Ведомство іздеуге полицияның кешенді күштерінің нарядтары, еріктілер бағытталғанын мәлім етті.

"Кәмелетке толмағандардың орналасқан жері туралы ақпараты бар барлық азаматтардан “102” немесе 8 771 785 1058 телефондарына қоңырау шалуды сұраймыз", - деді ПД өкілдері.

"Терезені сындырып, қашып кеткен": Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған үш қыз іздестіріліп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.