jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Ақтауда газ жетіспеушілігі бар ма: ұзын-сонар кептелістің видеосы жарияланды

Ақтауда газға кезекте тұрған көліктер
Ақтауда газға кезекте тұрған көліктер. Фото: Lada.kz

Ақтауда жергілікті тұрғындар авто газ құю станцияларында ұзын-сонар кептеліс байқалды. Жүргізушілер газ жоқ деп отыр. Бұл туралы жергілікті "Лада" басылымы жазды.

"Кеше ғана түстен бастап газ құю станциясында кезекте тұрдым. Сөйтсем, газ бітіп қалды дейді. Енді қалай, бензинге ауысу керек пе?" - дейді жүргізушілердің бірі.

Көлік иелерінен, басылым мәліметінше, көптеген шағым келіп түсіп жатыр екен. Көпшілігі қаладан газ таппай, қала шетіне шығуға мәжбүр болып жүргенін айтқан, алайда қала іргесіндегі станцияларда да газ үшін кептелістер пайда бола бастаған.

Құзырлы органдар мен газ жеткізуші компаниялар әзірше оқиғаға қатысты пікір білдірмеген.

Ақтауда газ жетіспеушілігі бар ма: ұзын-сонар кептелістің видеосы жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.