Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

41 градусқа дейін аяз: Қазақстанның бірқатар облысында дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Қыс мезгілінде жолаушылар жолында келе жатқан адамдар
Қыс мезгіліндегі жолаушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ауа райы нашарлауына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды - Қазақстанның кей облыстарында аяз, тұман, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, ертең, 12 желтоқсанда Ақтөбе облысының солтүстік-шығысынан және шығысынан жел соғады, ал облыстың оңтүстігі мен орталығында жел жылдамдығы 16 м/с болады.

Ал Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан әрі шығыстан жел соғады, оңтүстігінде болса жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында 41 градус қатты аяз болады деген болжам бар.

Ақмола облысының солтүстік жартысында 40 градус қатты аяз күтіледі.

Атырау облысында болса, шығыстан жел соғады деп болжануда, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ал Атырау қаласында ертең, желтоқсанның 12-сі шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с болады.

12 желтоқсанда Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде 35 градус қақаған аяз болуы ықтимал.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ болады. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с болады деп күтілуде, ал күндіз бұл көрсеткіш 23-28 м/с жетуі ықтимал. Ақтау қаласында болса, 12 желтоқсанда көктайғақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында шығыс, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде оңтүстігінде, батысында, ал күндіз солтүстігінде жел жылдамдығы і 15-20 м/с болады деген болжам бар. Орал қаласында ертең жел шығыстан әрі оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз оның екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде.

Сондай-ақ ертең түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қар борап жаууы мүмкін, ауа тұман болып, жерді көктайғақ басуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында жел жылдамдығы 15-20 м/с, ал күндіз оның екпіні 23-28 м/с жетеді.

Ал 13 желтоқсанда облыста аяз күтіледі, ауа температурасы түнде 23-28 градусқа жетеді, ал облыстардың солтүстігі мен таулы аудандарында қақаған аяз болып, ауа температурасы 33-38 градусқа дейін төмендейді.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен соғады, облыстың орталығында оның екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде. Ал Қызылорда қаласында ертең жел солтүстіктен соғады, күндіз оның екпіні – 15-20 м/с.

Түркістан облысында 12 желтоқсанда ауа температурасы түнде 14-19, облыстың солтүстігінде 24, облыстың оңтүстігінде 11 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Ал 13-14 желтоқсанда солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысы мен солтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында жел жылдамдығы – 15-20 м/с, екпіні – 23-28 м/с дейін жетеді деп күтілуде. Желтоқсанның 13-і күндіз және 14-і тәулік бойы жел жылдамдығы тау асуларында кей уақыттарда 30 м/с дейін жетіп, тіпті одан асуы мүмкін.

Желтоқсанның 13-і мен 14-і Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында әрі таулы аудандарында жел жылдамдығы 15-20 м/с, ал екпіні 23-28 м/с жетеді. Желтоқсанның 13-і күндіз және 14-і тәулік бойы жел жылдамдығы облыстың солтүстік-шығысында тау асуларында кей уақыттарда 30 м/с дейін жетіп, тіпті одан асуы мүмкін.

Ал 13 желтоқсанда түнде ауа температурасы 25-30 градусқа аяз болады, облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында болса қақаған аяз күтіледі, ауа температурасы 35 градусқа дейін күрт төмендейді.

12 желтоқсанда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қалың қар, тұман әрі көктайғақ күтіледі. Алматы қаласында ертең түнде қар борап жауады. Кей уақытта тұман көтеріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050336-41-gradusqa-deiin-ayaz-qazaqstannyn-birqatar-oblysynda-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel