Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада аяздан ұшақтың қозғалтқышы іске қосылмады (видео)

Опубликовано:

Ұшақ ішіндегі жолаушылар
Ұшақ ішіндегі жолаушылар. Видеодан кадр: instagram.com/umarovnews.kz

Qazaq Air әуе компаниясының "Астана – Ақтөбе" рейсі бүгін кешіктіріліп ұшты: елордада қақаған аяз салдарынан ұшақ қозғалтқышы іске қосылмаған. Желіде жолаушылар түсірген видео пайда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астанада қозғалтқышы қатып қалған ұшақтың видеосы Umarovnews басылымының Instagram парақшасында жарияланды. Аталған видеоны жолаушылардың бірі түсірген.

Видеодан ұшақ салонында жылы киінген адамдарды көруге болады. Сондай-ақ жарияланған видеодан жолаушылардың бірі адамдар қозғалтқышы іске қосылмай жатқан ұшақтың ішінде отырғанына 40 минут болды деп айтқанын естуге болады. Олардың сөзінше, ұшақтың іші суық болған.

Qazaq Air әуе компаниясы өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Әуе компаниясы өкілдерінің айтуынша, бүгін, желтоқсанның 12-сі Астанада ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты "Астана – Ақтөбе" бағыты бойынша IQ399 рейсі кейінге шегерілген.

Астана әуежайы ресми сайты мәліметіне сүйенсек, рейс сағат 07:40-та ұшуға тиіс еді.

"Қозғалтқыштағы майдың қоюлығы жоғары болғандықтан, турбина іске қосылған кезінде қажетті жылдамдыққа жете алмаған, сол себепті қозғалтқыш іске қосылмады. Мұндай жағдайда әуежай универсалды қозғалтқышты жылытатын жылытқыш құралын береді. Қажетті жабдықтың болмауына байланысты Астана әуежайында ұшақ қозғалтқышын іске қосу жұмыстары ұзаққа созылып кетті. Туындаған жайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", – деп мәлімдеді әуе компаниясы өкілдері.

Осылайша рейс Астана әуежайынан сағат 13:23-те ұшқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050461-astanada-ayazdan-usaqtyn-qozgaltqysy-iske-qosylmady-video/