Алматыда мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшеді
Опубликовано:
Читать на русском
Алматыда аязға байланысты 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқу режиміне ауысады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы қаласы білім басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Қазгидромет ұсынған ресми ақпаратқа сәйкес , биылғы 13-14 желтоқсанда ауа райы күрт суытады. (13 желтоқсанда түнде қатты аяз 23-25 градус, ал 14 желтоқсанда түнде қатты аяз 25-27 градус).
Осыған байланысты биылғы 13-14 желтоқсанда 0,1-9-сынып оқушылары қашықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптар мен ережелерге сәйкес қашықтан оқыту форматына көшеді", – деп атап өтті Алматы қаласы білім басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері.
Сондай-ақ ведомстводан белгілі бір сыныптардағы сабақтарды шегеру үшін температура көрсеткіші қандай болуы керектігі туралы хабарланған болатын:
0-4 сыныптағылар үшін – ауа температурасы -25... -29 градус және одан төмен, ал жел жылдамдығы – 2-4 м/с болуға тиіс;
0-9 сыныптағыларға – температура -25... -29 градус және одан төмен, жел жылдамдығы – 5 м/с және одан да көп болуы керек;
0-9 сыныптағыларға – -30... -34 градус және одан төмен желдің жылдамдығы 2-4 м/с болуы талап етіледі;
0-11 (12) сыныптағыларға әрі колледждердегі 1 мен 2 курстағылар үшін – ауа температурасы -30... -34 градус және одан төмен, жел жылдамдығы – 5 м/с және одан жоғары болуы шарт;
0-11 (12) сыныптағылар мен колледжде 1 және 2 курс оқитындар үшін – -35 градус және одан төмен, ал жел жылдамдығы 2 м/с және одан жоғары болуға тиіс.
Еске салайық, бұған дейін 12 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына және қақаған аязға байланысты еліміздің бірқатар өңірінде оқушылар сабақты қашықтан оқитыны туралы жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2050475-almatyda-mektep-oqusylary-qasyqtan-oquga-kosedi/