jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

"Рейстер кешігуі не тоқтауы мүмкін": әуекомпаниялар аязға байланысты үндеу жасады

Air Astana әуе компаниясының ұшақтары
Air Astana ұшақтары. Видеодан кадр: instagram.com/airastana

Қазақстандық әуекомпаниялар еліміздің бірқатар қаласында қолайсыз ауа райына байланысты рейстер кешігуі не тоқтатылуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

"Әуекомпания еліміз бойынша метеорологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты рейстер кешіктірілуі мүмкін екенін хабарлайды. Рейс статусын әуекомпания сайтында тексеріп отыруыңызды сұраймыз", - делінген Air Astana Instagram парақшасында жарияланған хабарламасында.

SCAT әуе компаниясы да Instagram парақшасында ауа райына байланысты хабарлама таратқан.

"Қазақстанның бірқатар қаласында қолайсыз метеожағдайларға байланысты рейстер кешігуі және тоқтатылуы мүмкін. Рейстің статусын SMS арқылы немесе SCAT.KZ веб-сайтында тексеріңіз.

Сондай-ақ мұздануға қарсы сұйықтық құю кезегін күтуге байланысты ұшу кешіктірілуі де мүмкін", - делінген әуе компания баспасөз қызметі хабарламасында.

SCAT әуе компаниясы өкілдері қандай да бір сұрақ туындаған жағдайда +7 (725) 299-88-80 нөмірі бойынша клиенттерді қолдау орталығына қоңырау шалуды сұрайды. Әуе компаниясы өкілдері қолдау орталығы тәулік бойы жұмыс істейтінін атап өтті.

"Рейстер кешігуі не тоқтауы мүмкін": әуекомпаниялар аязға байланысты үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.