jitsu gif

Астанада аяз: елордада қала маңына қатынайтын автобустар уақытша тоқтады

Боран
Қарлы боран. Көрнекі фото: NUR.KZ

Сәрсенбі, 13 желтоқсанда Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын бірнеше бағыттағы маршруттар уақытша жұмысын тоқтатады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "City Transportation Systems" ЖШС-ның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды

"City Transportation Systems" ЖШС мәліметінше, ауа-райының нашарлауына байланысты қала маңына қатынайтын №300, 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317, 327 ,328 ,329 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды.

CTS өкілдерінің сөзінше, қала маңына қатынайтын басқа бағдарлар жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, Астана әкімдігі елордада осы аптада үскірік аяз болуына байланысты тұрғындарға үндеу жасаған болатын.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.