jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Теміртауда су құбыры қатып қалып, қаланың бір бөлігі ауыз сусыз қалды

Су құбыры
Су құбыры. Көрнекі фото: pexels.com

Теміртауда су құбыры қатып қалып, қаланың шығыс бөлігі ауыз сусыз қалды, деп хабарлайды "Вечерняя Караганда" басылымы. Жағдай қатысты қала әкімдігінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Басылым мәліметінше, бірнеше кварталда су тоқтап қалған. Атап айтқанда Абай және Чайковский көшелері.

"21 мектеп, 3 қалалық аурухана, балалар ауруханасы, 1 емхана, Әубәкіров атындағы гимназия. ауыз сусыз қалды. Арнайы бригадалары қазір құбырларды жедел түрде жылытып жатыр. Тұрғындар ауыз судың жоқтығын айтып шағымдануда", - деп жазды басылым тілшілері.

Теміртау қаласы әкімдігі Instagram-дағы ресми парақшасында жағдайға қатысты мәлімет берді.

"Диаметрі-300 мм магистральдық су құбыры қатып қалуына байланысты қаланың шығыс бөлігіндегі алты квартал тұрғындарының үйіне су төмендетілген гидравликамен беріледі. Проблемалық учаске анықталды (шамамен 20 метр) сол жерде 8 бригада, 10 бірлік техника жұмыс істеуде", - делінген әкімдік хабарламасында.

Ведомстводағылар мәселе қала әкімінің бақылауында болатынын атап өтті.

Теміртауда су құбыры қатып қалып, қаланың бір бөлігі ауыз сусыз қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.