Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде баласынының аты-жөнін дәстүрге сай жаздырған ата-аналарға сыйлық табысталды

Опубликовано:

"Есімің мен тегің - сенің ұлттық келбетің"
Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Семей қаласының әкімдігі ҚР Тәуелсіздігі күніне орай "Есімің мен тегің - сенің ұлттық келбетің" атты акция ұйымдастырды.

Акция аясында аты-жөні қазақы дәстүрмен жазылған сәбилердің аттары аталып, ата-аналарына сыйлық табысталды.

Акцияның мақсаты - Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлты қазақ азаматтарының тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы" жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының тегі мен әкесінің атын қазақша жазу тәжірибесін қазақ халқының қалыптасқан тарихи дәстүрлеріне айналдыру.

"Бүгінде тенденция өте үлкен, ұлты қазақ азаматтары ешқандай -ов, -ев жалғауынсыз бірден мемлекеттік, ұлттық дәстүрге сәйкес аты-жөнін беріп жатады. 2023 жылғы дүниеге келген 5504 сәбиге осы мемлекеттік тілде, дәстүрге сай атау берілген екен. Соның ішінде 50-ге жуық сәбиді бүгін, міне осы мерекенің алдында құттықтау мақсатында жинап отырмыз", - деді Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Маржан Бахатова.

Акция жыл сайын еліміздің барлық облыстары мен қалаларында тұрақты түрде өтіп келеді. Биыл Семей қаласында бұл шара еліміздің Тәуелсіздік күні аясында өтті. 2022 жылы акция аясында 16 жасқа толған азаматтар марапатталса, бүгін сәбилерге көңіл бөлінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050634-semeide-balasynynyn-aty-zonin-dasturge-sai-zazdyrgan-ata-analarga-syilyq-tabystaldy/

pixel