Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяз бен мұзтайғақ: бес облыстағы тасжолдарда көліктер кептеліп қалды

Опубликовано:

Жолда кептеліп қалған көліктерді құтқару сәті
Жолда кептеліп қалған көліктерді құтқару сәті. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жетісу, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Маңғыстау облыстарындағы республикалық трассаларда автокөлік кептелістері пайда болған, деп хабарлайды QazAvtoJol операторы Telegram-арнасында.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторының мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық трассаларда автокөліктердің жиналуы байқалып отыр.

Ауа райының қолайсыз жағдайлары осымен бесінші күн жалғасып жатқаны айтылады. Мысалы, қардың көп түсуі, температураның күрт төмендеуі, кей жерлерде боран мен екпінді жел ұйытқып тұр.

2023-2024 жылғы қыс маусымының басынан бастап жолшылар 70-ке жуық көлік құралына көмек көрсетіп, 12 автокөлік жылы бокстарға жеткізіліп, 20-ға жуық азамат жылыту пункттеріне орналастырылған.

"Автомобиль жолдарының учаскелерінде 400 автокөлік құралы кептеліп қалды", - деді эксплуатация департаментінің директоры Дархан Сақанов.

Оның айтуынша, қазір бұл өңірлерде 30-32 градусқа дейін аяз, сондай-ақ боран және көктайғақ байқалады.

Республикалық маңызы бар автожолдарда күшейтілген режимде қардан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта республикалық автожолдар желісінде қысқы ұстау жұмыстарына 528 техника, 1231 жол қызметкері жұмылдырылып, 1623 м3 көктайғаққа қарсы материал жұмсалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050703-ayaz-ben-muztaigaq-bes-oblystagy-taszoldarda-kolikter-keptelip-qaldy/

pixel