Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аршалы ауданында 21 жоба іске асырылып жатыр

Опубликовано:

Ауыл инфрақұрылымын дамыту
Фото: Аршалы ауданының әкімдігі

Ақмола облысының Аршалы ауданында жалпы құны 19 млрд теңгеге 21 жоба іске асырылып жатыр. Оның аясында жолдардың, электр беру желілерінің құрылысы жүргізілуде.

Жергілікті атқарушы билік жұмысындағы маңызды міндеттердің бірі ауылдық жерлерде халықтың өмір сүру жағдайларын жақсарту аясындағы жұмыс болып қала береді. Бұл бағытта басты шарттардың бірі ауылдың инфрақұрылымын дамыту, ол өз кезегінде ауылдық аумақтың дамуы мен өркендеуіне ықпал етеді.

Осындай маңызды бағыттардың бірі ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ететін ауылдық жерлерде көше жарығын салу. Биыл Аршалы ауданы бойынша іске асыру сатысында 21 жоба бар, жалпы сомасы - 19 млрд теңге. Оның аясында жолдардың, электр беру желілерінің құрылысы, су құбыры желілерінің құрылысы және, әрине, көше-жол жарығы жүргізілуде.

Ауыл инфрақұрылымын дамыту
Фото: Аршалы ауданының әкімдігі

2023 жылы өңірде Константиновка, Ақбұлақ, Сараба және Ижев ауылдарында көшелерді жарықтандырудың жаңа желілерін салу бойынша жобалар іске асырылды. Барлық 4 ауыл бойынша жалпы ұзындығы - 15,153 км. жобалардың жалпы құны 173,5 млн теңге болды. Осы жұмыс түрлері бойынша мердігерлік ұйымдар: "Орда Құрылыс Компаниясы" ЖШС, "Семстройэлектро-2005" ЖШС, "BEARИнжиниринг" ЖШС болды.

Көшелер мен қоғамдық орындарды сапалы жарықтандыру ауылдық жерлердің дамуы мен әл-ауқатының ажырамас бөлігі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050786-arsaly-audanynda-21-zoba-iske-asyrylyp-zatyr/

pixel