jitsu gif branding logo appbranding logo app

Семейде "Менің қалам" атты суретшілердің көрме вернисажы өтті

"Менің қалам" вернисажы
Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Биылғы жылы қалада алғаш рет Семей қаласы суретшілерінің "Менің қалам" қалалық вернисаж-байқауы өтті. Шараға Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов, Семей қаласы мәслихатының төрағасы Данияр Шәкәрімов қатысты.

"Бүгін қала тұрғындары мен қонақтары бейнелеу өнер туындылары арқылы қаланың тарихы мен өмірін бейнелеген көркем шығармаларды көруге мүмкіндік алды. Көрме-байқаудың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен Қазақстан Республикасы суретшілер одағының 90 жылдығына орайластырылып өткізіліп отырғаны көңіл қуантады. Бүгінгі шараға қатысып отырған қылқалам шеберлерін және жалпы суретшілер қауымын атаулы күнмен және алда келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын!" - деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

"Менің қалам" вернисажы
Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Менің қалам" вернисаж байқауы - бұл ең алдымен суретшілерге өз туындыларын көпшілікке көрсету, көрерменнің реакциясын білу, дамуға серпін алу, өзін-өзі жүзеге асыру, қаржылық және материалдық қолдау алу мүмкіндігі.

Қылқалам шеберлеріне шығармашылық үшін орын және жұмыс материалдары берілді. Суретшілер бір апта бойы шығармашылығының объективі арқылы қаланың тарихы мен өмірін түсіндіретін көркем шығармаларды бейнеледі.

"Менің қалам" вернисажы
Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Көрмеде байқауға қатысқан 16 жергілікті суретшінің бейнелеу өнер туындылары орналастырылып, көпшілік назарына ұсынылды.

Шара барысында көрмеге қатысқан қылқалам шеберлері марапатталды.

"Менің қалам" вернисажы
Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Байқауға ұсынылған үздік туындылары үшін жүлделі І орынды - Талгат Татиев, ІІ орынды - Михаил Пауцкий, ІІІ орынды - Фарид Хасенов иеленді. Барлық қатысушыларға сертификаттар мен бағалы сыйлықтар ұсынылды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.