jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ақмола облысында жоғалған 100-ден аса жылқы иелеріне қайтарылды (видео)

Полицейлер 103 жылқыны тапты
Полицейлер 103 жылқыны тапты. Видеодан кадр: polisia.kz

Ақмолалық полицейлер құны 30 млн теңге болатын жоғалған 103 жылқыны 8 күннен кейін тауып, иелеріне қайтарып берді, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Басылымның жазуынша, Сандықтау ауданы, Жыланды ауылының бірнеше тұрғынына тиесілі жылқы табынының жоғалғаны туралы арыз 12 желтоқсанда полиция бөліміне келіп түсткен.

Иелерінің айтуынша, жайылымда жүрген 103 жылқы 5 желтоқсанда жоғалып кеткен, алайда бір апта ішінде ауыл тұрғындары өз күшімен іздеп, содан кейін ғана полициядан көмек сұраған. Ақмолалықтар шығынды 30 млн теңгеге бағалады.

"Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жоғалған жылқыларды іздеу үшін полицейлер жедел шаралар қабылдады, криминалдық полиция қызметкерлері мен жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің арасынан арнайы топтар құрылды. Іздеу іс-шараларына ТЖ қызметкерлері мен иелерінің өздері қатысты, түрлі автомобиль техникасы пайдаланылды, сондай-ақ полиция департаментінің дронымен да іздеу жүргізілді", - делінген медиа-порталда.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан полицейлер бұл күндері өңір аумағында үскірік аяз болса да, тәулік бойы тек Сандықтау ауданының аумағында ғана емес, облыстың көрші аудандарында да іздеу шараларын жүргізген. Сондай-ақ полицейлер жедел іс-шаралар кешенін өткізіп, мал басы мен ет өнімдерін сатумен айналысатын адамдарды тексерді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 14 желтоқсанда жоғалған жылқылардың барлығы жоғалған жерден 30 шақырым жерде табылып, иелеріне қайтарылды. Белгілі болғандай, ұрлық фактісі расталмады, осыған байланысты қылмыстық істі тергеу тоқтатылды.

Ақмола облысында жоғалған 100-ден аса жылқы иелеріне қайтарылды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.