jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда жыл соңына дейін екі аптада ауа райы қандай болады

Жолда келе жатқан көлік
Қарлы боран. Көрнекі фото: pixabay.com

Метеорологтардың мәліметінше, 16-31 желтоқсан аралығында Қазақстанда аяздың әлсіреуі күтіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Желтоқсанның екінші жартысында Қазақстанның басым бөлігінде қарлы боранмен, екпінді желмен және көктайғақпен жауын-шашын болады деп күтіледі, екінші онкүндіктің соңында жекелеген аудандарда қатты жауын-шашын болады деп болжанған.

Ел бойынша үшінші онкүндіктің ортасында ғана жауын-шашынның қысқа мерзімді тоқтауы күтіледі.

Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман болады деп болжанған. Жалпы Қазақстан бойынша аяздың әлсірейді.

Осылайша:

  • елдің батысында ауа температурасы түнде 7-15 градус аяздан 5-3 жылуға дейін құбылады, күндіз 3-8 аяздан 0-10 жылуға дейін ауытқуы күтіледі;
  • солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта ауа температурасы түнде 12-28 градустан 2-10 градус аязға дейін көтеріледі, кейінірек температура 7-18 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 7-20 градус аяздан 0-10 градус аязға дейін көтеріледі, -5 градустан 5 градусқа дейін күн жылынады, кейінірек температура -5-13 аязға дейін төмендейді;
  • шығыста түнде 25-39 аяз -13 дейін көтеріледі, күндіз 17-25 градус аяздан -5 градусқа дейін жылынады деп күтіледі, кейінірек ауа температурасы 5-13 градус аязға дейін төмендейді;
  • оңтүстікте түнде 5-13 градус аяздан -5 градусқа дейін көтеріледі, күндіз 0-7 градус аяздан 0-10 градус жылуға дейін көтеріледі;
  • оңтүстік-шығыста кезеңнің басында түнде 8-26 градус аяз, күндіз 3-13 градус аяз, содан кейін түнде 5-18 градустан -5 градусқа дейін көтеріледі, күндіз 0-8 градус аяздан 3-10 градусқа дейін жылынады.
Қазақстанда жыл соңына дейін екі аптада ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.