Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы төтенше жағдай: бес пойыз уақытша тоқтатылды

Опубликовано:

Пойыз
Пойыз. Фото: "ҚТЖ" ҰК" АҚ

Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты 5 жолаушылар пойызы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚТЖ Telegram-дағы ресми арнасында.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Жамбыл облысындағы ауа-райының күрт нашарлауы жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі өзгерді, осыған байланысты келесі құрамдардың жүруі уақытша тоқтатылады:

  • №10 Нұр-Сұлтан 1 – Алматы2 Нұр-Сұлтан-1 станциясынан жөнелту арқылы 15 желтоқсанда 1 күнге;
  • №9 Алматы 2 – Нұр-Сұлтан 1 Алматы-2 станциясынан жөнелту арқылы 15 желтоқсанда 1 күнге;
  • №29/30 Атырау – Алматы1 Атырау станциясынан а. ж. 16 желтоқсанда Алматыдан қайту 18 желтоқсанда 1 рейске;
  • №3 Алматы 2 – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол Алматы-2 станциясынан жөнелту арқылы 15 желтоқсанда кері Нұр-Сұлтан Нұрлы жолдан 16 желтоқсанда 1 рейске;
  • №505/506 Алматы 2 – Жезқазған Алматы-2 станциясынан жөнелту арқылы 15 желтоқсанда Жезқазғаннан кері қарай 16 желтоқсанда 1 рейске.

"Пойыз жолаушыларына сатып алынған темір жол билеті үшін ақшалай қаражат қайтарылады.

Ұлттық тасымалдаушы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Қосымша ақпарат алу үшін жолаушылар "1433" тегін нөміріне және "KTZH_PP_BOT" Telegram-ботына жүгіне алады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Жамбыл облысында көлік полицейлері қолайсыз ауа райы кезінде жолда қалған 500-ден астам жолаушыға сапарынан қалмай, пойызына мінуге көмектескенін жаздық.

Сонымен қатар бүгін, 15 желтоқсанда Жамбыл облысында табиғи сипаттағы ТЖ жарияланып, республикалық маңызы бар автожолдар жабылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051121-zambyl-oblysyndagy-totense-zagdai-bes-poiyz-uaqytsa-toqtatyldy/

pixel