jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Жамбыл облысында ауа райы нашарлауына байланысты блок-бекеттер қойылды

Жамбыл облысында блок-бекеттер қойылды
Жамбыл облысында блок-бекеттер қойылды. Фото: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Жамбыл облысында бес блок-бекет қойылды. Өңірлік ПД басшысы Арманбек Баймурзин өзінің Facebook парақшасында ауа райына байланысты қазіргі ахуал туралы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

ПД бастығы 16 желтоқсандағы жағдай бойынша, жауын-шашынның салдарынан жолдың қатты көктайғақ болуына байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолының 239-дан 593-шақырымына дейін (Түркістан облысының шекарасы) көлік құралдарының барлық түрі үшін жол жабық екенін мәлімдеді.

"Полиция қызметкерлерімен барлық ауданның аумағына блок-бекеттер қойылды. Атап айтқанда, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов аудандары, Тараз қаласы және Түркістан облысының шекарасы", - делінген ресми хабарламада.

Азаматтар үшін 65 жылыту пункті жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта онда 36 адам жеткізілді. Осы сәтке оқыс оқиға мен өлім деректері болған жоқ.

Жамбыл облысында ауа райы нашарлауына байланысты блок-бекеттер қойылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.