jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоғы қойылды

Ерболат Досаев Тәуелсіздік монументіне гүл қоюда
Ерболат Досаев Тәуелсіздік монументіне гүл қоюда. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев бастаған қала тұрғындары Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерболат Досаев Тәуелсіздіктің 32 жылдығына орай "Тәуелсіздік" монументіне салтанатты түрде гүл шоғын қоюға қатысты.

Ерболат Досаев салтанатты жиында
Ерболат Досаев салтанатты жиында. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Гүл қою рәсімі басталмас бұрын азаттық жолында құрбан болған азаматтарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды.

Тәуелсіздік монументіне гүл қою рәсімі
Тәуелсіздік монументіне гүл қою рәсімі. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Содан кейін қала әкімі бастап Ауған соғысы мен Қазақстан Қарулы күштерінің ардагерлері, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар және Алматы қаласы жастарының ұйымдары кезекпен Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Ерболат Досаев Тәуелсіздік монументіне гүл қоюда
Ерболат Досаев Тәуелсіздік монументіне гүл қоюда. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Салтанатты рәсім Алматы өңірлік гарнизонының әскери-үрмелі оркестрі мен сарбаздарының мемлекеттік әнұранды орындауымен аяқталды.

Тәуелсіздік монументіне гүл қою рәсімі
Тәуелсіздік монументіне гүл қою рәсімі. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тәуелсіздік монументіне гүл қою рәсімі
Тәуелсіздік монументіне гүл қою рәсімі. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоғы қойылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.