jitsu gif
Оқыс оқиға

    Жамбыл облысында ауа райы нашарлауына байланысты "Ақтөбе-Алматы-1" пойызы қатынамайтын болды

    Темір жол
    Пойыз. Көрнекі фото: pixabay.com

    Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты №34/33 пойызы 1 рейске уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "ҚТЖ" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    "Осыған байланысты №34/33 Ақтөбе-Алматы-1 жедел пойызы а.ж. 17 желтоқсанда Ақтөбеден жөнелтіліп, Алматыға а.ж. 18 желтоқсанда келетін және Алматыдан а.ж. 18 желтоқсанда жөнелтіліп, Ақтөбеге 20 желтоқсанда келетін пойыз 1 рейске уақытша тоқтатылады. Жоғарыда көрсетілген бағытқа билет сатып алған жолаушыларға 100% мөлшерде ақшалай қаражат қайтарылады", - делінген ресми хабарламада.

    Қосымша ақпарат "1433" тегін нөміріне және "KTZH_PP_BOT" бот жеделхатынан алуға болады.

    Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облысының Қордай және Шу аудандарының аумағында қатты жел мен аяздың салдарынан 14 желтоқсанда жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.