jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Алматыда қар жауды: қала қардан қалай тазартылып жатыр

Алматы
Алматы. Фото: Алматы әкімдігі

Кеше Алматыда тағы да қар жауды. Түні бойы коммуналдық қызметтер қала көшелерін тазартты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, 16 желтоқсан күні сағат 14:10-дан бастап Алматы қаласында аздаған қар жауа бастады, ол 17 желтоқсан күні сағат 03:00-де аяқталды.

Мамандардың айтуынша, қалада 9 сантиметр қар жауған.

"16 желтоқсан күні сағат 16:30-дан 19:00-ге дейін бекітілген маршруттар бойынша мұздан тазарту материалдарын себу үшін 121 құм себетін техника жұмылдырылды. Таңғы сағат 2-ден бастап жол бөлігіндегі қар массасын тырмалау және сыпыру жұмыстары жүргізілді", - делінген хабарламада.

Алматы
Алматы. Фото: Алматы әкімдігі

Сағат таңғы 05:00-ден бастап көктайғақтың алдын алу үшін негізгі магистральдарға көктайғаққа қарсы сұйық затпен алдын ала өңдеу жұмыстары жүргізілген. Сағат 08:00-ден бастап – күндізгі уақытта техникаларды шығару ұйымдастырылып, жаяу жүргіншілер жолын, қоғамдық орындарды, қоғамдық көлік аялдамаларын, жол өткелдерін тазалау жұмыстары жалғасуда.

"17 желтоқсан күні сағат 09:00-дегі жағдай бойынша 2754 текше метр қар шығарылды", - деп атап өтті әкімдік өкілдері.

Алматы
Алматы. Фото: Алматы әкімдігі

Сондай-ақ түнгі уақытта қаладағы қарды тазалауға 354 арнайы техника мен 421 жол жұмысшысы жұмылдырылғаны атап өтілді. Күндізгі уақытта жұмысқа 344 арнайы техника мен 840 жұмысшы жұмылдырылған.

Аудан әкімдіктері қар тазалау жұмыстарын бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды.

"Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес, бүгін күндіз Алматыда ауа температурасы -1...-3 градус болады.

Алматыда қар жауды: қала қардан қалай тазартылып жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.