jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Ауа райының нашарлауына байланысты 2 облыста жол жабылды

Қар басқан тас жол
Қар басқан тас жол. Видеодан кадр: instagram.com/kris__p__almaty and kris__p__kz

Ауа температурасының төмендеуі мен жауын-шашынға және боранға байланысты еліміздің 2 облысында жол жабылды. Республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды "Қазавтожолға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жол шектеулері Жамбыл облысы мен Жетісу облысында енгізілген.

Жамбыл облысында шектеу "Алматы-Ташкент-Термез" автожолы және Жаңа Қордай асуының 95 шақырымында енгізілген.

Ал Жетісу облысында шектеу бір участкеде, яғни, "Үшарал-Достық" Көктұма станциясында және Достық станциясының 100 шақырымында енгізілген.

Шектеу барлық көлік түрлеріне қолданылады.

Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға 288 техника жұмылдырылды.

Ауа райының нашарлауына байланысты 2 облыста жол жабылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.