jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Қазақстандық құтқарушылар таулы аймақтарда демалып жүрген туристерге үндеу жасады

Қар көшкіні
Қар көшкіні. Көрнекі фото: Алматы қаласы ТЖД ресми сайты

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды қар басқан тау бөктеріне шықпауға шақырды, таулар мен таулы аймақтарда әлі күнге дейін қар көшкіні болуы ықтимал, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің ақпараты бойынша, 2023 жылғы 18 желтоқсан мен 21 желтоқсан аралығында Алматы облысындағы таулы аймақтарда қар көшкіні болу қаупі бар.

"ТЖД азаматтар мен туристерді, демалушыларды қар көшкіні болу мүмкіндігіне байланысты қар басқан бөктерге шықпауға, сондай-ақ таулы аймақтарда барлық қауіпсіздік шараны қабылдап, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады", – делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті мәліметіне сүйенсек, Алматы облысының аумағында қар көшкіні жүруі мүмкін 55 аумақ бар: олар Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай өңірлерінде және Іле-Алатау тау жотасының оңтүстік бөктерінде орналасқан.

"Көбіне қар көшкіні ауа температурасының жоғарылауы мен көп жаңбыр, қар жаууынан туындайды", – деп атап өтті департамент өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері Алматы облысы тауларында қар көшкіні болуы мүмкін деген қауіппен тұрғындарға ескерту жасағанын жазған едік.

Қазақстандық құтқарушылар таулы аймақтарда демалып жүрген туристерге үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.