Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марқакөлдіктер алтын өндірісін ашуды сұрап отыр

Опубликовано:

Экскаватор
Экскаватор. Көрнекі фото: pexels.com

Жуырда Марқакөл өңірінің бір топ тұрғыны ШҚО әкімі Ермек Көшербаевқа видео үндеу жолдап, аудан аумағындағы жабылып қалған шахтаны қайта ашуды сұрады.

NUR.KZ тілшісінің айтуынша, ШҚО-да бір топ тұрғын Марқакөл жұртшылығының атынан аудан аумағында орналасқан, осыдан үш жыл бұрын өз жұмысын тоқтатқан Маңқа шахтасын қайта іске қосу мақсатында инвестор табуды сұрады.

Осы орайда тұрғындар ШҚО әкімі Ермек Көшербаевқа видео үндеу жолдаған.

"26 жылдан кейін шекаралық Марқакөл өңірі қайта аудан болып құрылғалы тұр. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауданымызды қайта қалпына келтіру туралы игі шешімін баршамыз қуана қарсы алған болатынбыз. Бұл бастама бүгінде бәрімізді серпілтіп отыр.

Бұл ретте бұрынғы Маңқа шахтасын қайтадан іске қосу аса қажет деп санаймыз. Ондағы қазба байлықтарды заңды түрде игеріп, өңдеп шығаратын болса, одан түскен салықтар құрылатын Марқакөл ауданын дамытуға үлкен үлес қосар еді", – дейді жергілікті тұрғындар.

Аудан тұрғындарының айтуынша, Марқа өңірінің жер қойнауы қазба байлықтарынан кенде емес. Мысалы, Шанағаты ауылының маңайында алтын кені, Ақжайлау учаскесінде мыс пен мырыш қоры, Бүйрек учаскесінде көмір кенінің қоры бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051345-marqakoldikter-altyn-ondirisin-asudy-surap-otyr/

pixel