jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Сот Қайрат Сатыбалдыны шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартты

    Қайрат Сатыбалды
    Қайрат Сатыбалдыұлы. Фото: ethnosport.kz

    Қайрат Сатыбалдының шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығу туралы арызы қанағаттандырылмады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    "Сотталған Қайрат Сатыбалдының жазаны шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға ауыстыру туралы өтініші қанағаттандырылмады", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.

    Сот Қайрат Сатыбалдының тәртіп бұзушылығы барын, әзірге іс-әрекеті тұрақсыз екенін алға тартты.

    Айта кетейік, былтыр қыркүйекте Қайрат Сатыбалдыұлы 6 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сот Қайрат Сатыбалдыұлына мүлкін тәркілей отырып, сонымен бірге мемлекеттік қызметте, Ұлттық банкте, Ұлттық компанияларда және басқа да мекемелерде 10 жыл бойы лауазымды қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

    Еске сала кетсек, Қайрат Сатыбалдыұлы 2022 жылдың наурыз айында ұсталған. Кәсіпкер лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және аса ірі көлемде "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының қаражатын жымқыру фактісі бойынша айыпталған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.