Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Сатыбалдыұлы неге ерте босап шыға алмады: сот өкілдері пікір білдірді

Опубликовано:

Қайрат Сатыбалдыұлы
Қайрат Сатыбалдыұлы. Фото: Inbusiness.kz

Өскемен қалалық №2 сотының өкілдері Қайрат Сатыбалдыұлының жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасынан бас бостандығын шектеу жазасына ауыстыру туралы өтінішхатының қаралу барысы туралы айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі соттың Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сот өкілдері Қайрат Сатыбалдыұлының өтінішінде жағымды мінез-құлқы мен сотталғандардың ерікті ұйымдарына кіргені жазылғанын хабарлады. Сондай-ақ өтініште заң бойынша жаза мерзімінің белгіленген бөлігін өтегені жазылған.

"Жәбірленуші жақтың өкілдері жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру туралы сұрақты соттың қарауына қалдырды", - делінген сот хабарында.

Прокурор бұл өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуды өтінген.

Сот жазаның неғұрлым жеңіл түрге ауыстыру туралы өтінішхатты шешу кезінде сотталған адамның мінез-құлқындағы оның түзетілгенін куәландыратын оң өзгерістерді бақылауға тиіс. Сот сипаттайтын деректерді талдай келе, сотталған адамның киім нысанын кию тәртібін бұзу және өндіру дерегі болуына байланысты мінез-құлқы мінсіз емес екені туралы қорытындыға келген.

"Өтініште айтылған уәждер қорытынды жасауға жеткіліксіз. Осыған байланысты сот Қайрат Сатыбалдыұлының бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығын шектеу жазасына ауыстыру туралы өтініш мерзімінен бұрын берілген деген қорытындыға келді", - делінген Өскемен қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі таратқан хабарда.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлының шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығу туралы арызы қанағаттандырылмағаны хабарланған.

Қайрат Сатыбалдыұлының ісі

Қайрат Сатыбалдыұлы 2022 жылдың наурыз айында "Қазақтелеком" АҚ-да лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды және қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікпен ұсталды. Кейін құқық қорғау органдары оның басқа қылмыстарға қатысы болуы мүмкін екенін атап өтті.

Сондай-ақ Қайрат Сатыбалдыұлы "ЦТС" және "Қазақтелеком" компанияларына 12 млрд теңге және 28 млрд теңге шығын өтегені белгілі болды. Прокуратура бұл үкім шығарудағы жеңілдететін жағдайлардың бірі болғанын айтты.

2022 жылдың қыркүйегінде сот шешімімен Қайрат Сатыбалдыұлы кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол Өскемен қаласының маңында орналасқан №22 мекемеге жазасын өтеуге жіберілді. 2023 жылдың қазан айында Бас прокуратура өкілдері Қайрат Сатыбалдыұлының шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беру құқығы барын мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051531-qairat-satybaldy-nege-erte-bosap-syga-almady-sottagylar-pikir-bildirdi/

pixel