Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда бүгін кешке дейін 42 тұрғын үй, мектеп пен әуежайда жылу болмайды

Опубликовано:

Жылу батареясы
Жылу батареясы. Көрнекі фото: pexels.com

Қостанайда жылу желісіндегі ақауға байланысты бүгін кешке дейін 42 тұрғын үй, орта мектеп пен әуежай жылу болмайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы" МКК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кәсіпорынның ресми сайтының мәліметке сүйенсек, Герасимов көшесіндегі №4 тұрғын үй маңындағы жерасты жылу желісіндегі ақауды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осыған байланысты бүгін, 20 желтоқсанда сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін 42 көппәтерлі тұрғын үйге, №29 орта мектепке, Қостанай халықаралық әуежайы ғимараттарына жылу беру уақытша тоқтатылады.

Компания өкілдері жұмысты тезірек аяқтау үшін барлық күшті жұмылдыратынын атап өтті.

Айта кетейік, 18-19 желтоқсанда Жезқазған жылу энергия орталығында бірнеше қазандық істен шығып, әкім жағдайға қатысты пікір білдірген болатын.

Сонымен қатар 12 желтоқсанда Жамбыл облысындағы газ құбырында апат болып мыңға жуық үй жылусыз қалғанын жазған едік.

11 желтоқсанда Екібастұз ЖЭО-да тағы бір төтенше жағдай болып, күл құбырының зақымданғаны белгілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051659-qostanaida-bugin-keske-deiin-42-turgyn-ui-mektep-pen-auezaida-zylu-bolmaidy/

pixel