jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматы орталығында орналасқан заңсыз салынған сауда павильондары бұзылады

Алматы қаласы
Алматы қаласы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласы Достық даңғылындағы заңсыз салынған сауда павильондары бұзылады. Бұл туралы қала әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Достық даңғылы 170/1 мекенжайы бойынша учаскедегі сауда нысандары заңсыз салынған.

Сот биыл 2 мамырда осы сауда павильондарын бұзу туралы шешім шығарған, сот шешімін орындау үшін дүңгіршектерді бөлшектеу жұмыстары басталған.

"Сол учаскеде орналасқан ғимаратты бұзу бойынша сот процестері де аяқталды. Бұған дейін басқарма меншік иесіне қатысты 2022 жылғы 28 қазанда Медеу аудандық сотына бұзу туралы талап арыз берген болатын", - делінген әкімдік хабарламасында.

9 маусымда сот шешімімен бұзу талабы қанағаттандырылған. 2023 жылғы 29 тамызда Алматы қалалық сотының қаулысымен Медеу аудандық сотының шешімі өзгеріссіз қалған.

Заңсыз салынған сауда орындары
Заңсыз салынған сауда орындары. Фото: t.me/almaty_akimat

Алматы орталығында орналасқан заңсыз салынған сауда павильондары бұзылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.