jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Қар, бұрқасын, жауын-шашын": алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

көліктер
Көліктер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер алдағы үш күнге, 21-23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республиканың солтүстік және шығыс бөлігінде, сондай-ақ орталығында атмосфералық фронттардың әсерінен түнде қалың қар, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі.

23 желтоқсанда Атлантикалық циклонның әсерінен Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсуі ықтимал.

Сонымен қатар алдағы тәуліктерде республика бойынша көктайғақ, бұрқасын, тұман болып, жел 25 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Мамандардың болжамынша, дегенмен ауа температурасында күрт өзгерістер болмайды.

"Қар, бұрқасын, жауын-шашын": алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.