jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Энергетика министрлігі Кентау мен Қостанайдағы жылумен жабдықтау мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады

Батарея
Батарея. Көрнекі фото: pixabay.com

Энергетика министрлігі Кентау мен Қостанай қалаларындағы жылумен жабдықтау жағдайы бойынша мәлімдеме жасады. Бұл туралы ведомство Telegram арнасында хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, бір күн бұрын Кентауда дауылды жел салдарынан электр қуаты үзіліп, бұл сәйкесінше жылумен жабдықтауда біршама үзілістерге әкелді.

"Бүгінгі таңда электрмен жабдықтау толығымен қалпына келтірілді, Кентау ЖЭО-да үш қазандық жұмыс істеп тұр. Ертең, 21 желтоқсанда 4-ші қазандық іске қосылады.

Қазіргі уақытта көшедегі температура -4С. Жылу беру 60 градус нормативімен 56 градусты құрайды. Бейсенбіде температура 60 градусқа дейін жеткізіледі", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар ведомство Қостанай қаласы әкімінің ақпараты бойынша, бүгінде қалада магистральдық жылу желісіндегі ақауды жою бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Жұмыс бүгін сағат 17.00-ге дейін аяқталады. Әкімдіктің хабарлауынша, бұл қала тұрғындарын жылумен қамтамасыз етуге әсер етпейді.

Энергетика министрлігі Кентау мен Қостанайдағы жылумен жабдықтау мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.