Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда "Ұлы дала" шағын ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді

Опубликовано:

"Ұлы дала" шағын ауданындағы жаңа мектеп
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Тараз қаласындағы "Ұлы дала" ықшамауданында 1200 орындық мектеп пайдалануға берілді. Салтанатты іс-шараға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, еңбек және білім саласының ардагерлері, қала тұрғындары қатысты.

Әуелі Қанатбек Қайшыбекұлы сөз алып, ақжарма тілегін білдірді.

"Бүгін Сіздер үшін ерекше қуанышты күн. Өйткені баршамыз Тараз қаласындағы "Ұлы дала" жаңа ықшамауданында 1200 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілуіне куә болып отырмыз. Жаңа мектепте білім сапасы артып, балаларымыз жақсы оқып, ел сенімін ақтайды деп ойлаймын", – деген облыс әкімінің орынбасары мектеп ұжымына шығармашылық табыс тіледі.

"Ұлы дала" шағын ауданындағы жаңа мектеп
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Келесі кезекте еңбек ардагері Шарафи Қалдарбеков жиналған қауымға жылы лебізін арнап, білім саласының үздігі, зейнеткер Ережепбай Бекеевпен бірге жаңа мектеп ғимаратының лентасын қиды.

Бұдан кейін қонақтар мектептің ішін аралап, материалдық-техникалық базасымен танысты.

"Ұлы дала" шағын ауданындағы жаңа мектеп
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Құрылысын "Агроспецстрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген №64 білім ордасы "Ұлы дала" ықшамауданындағы алғашқы мемлекеттік мектеп. Бүгінде аталған ықшамауданда 25 мыңнан астам адам тұрмыс кешсе, оның 2314-і мектеп жасындағы балалар.

"Ұлы дала" шағын ауданындағы жаңа мектеп
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Білім ордасы лингафон кабинеттері, зертхана, 350 адамға арналған кең акт залы, оқу залы бар кітапхана мен 400 орындық асхана, шеберханамен толығымен жабдықталған. Сондай-ақ 56 оқу кабинеті интерактивті тақталармен қамтамасыз етілген.

Аталған ауданда жаңа білім ошағының ашылуы жергілікті тұрғындар үшін көптен күткен қуаныш болды.

"Ұлы дала" шағын ауданындағы жаңа мектеп
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысумен өткен кездесулерде де тұрғындар тарапынан осы мәселе жиі көтеріліп келді. Енді соның сәтін салып, жаңа мектеп есігін айқара ашып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында қазіргі уақытта аталған ықшамауданда 2024 жылы тапсырылуы жоспарланған 4400 оқушыға арналған тағы 3 мектептің құрылысы жүруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051740-tarazda-uly-dala-sagyn-audanynda-zana-mektep-paidalanuga-berildi/

pixel