jitsu gif branding logo appbranding logo app

Шымкенттік әйел белгісіз дәрі мен жақпа қолданамын деп жансақтау бөліміне түсіп қалды

аурухана
Аурухана. Көрнекі фото: Universal Images Group via Getty Images

Шымкентте 54 жастағы әйел ауыр аллергиямен жансақтау бөліміне түсті. Қала тұрғыны қытайлық жақпа мен дәрі-дәрмектерді қолданғаны белгілі болды, деп хабарлайды Otyrar.kz Telegram-арнасы.

Шымкенттегі № 2 қалалық аурухана өкілдерінің айтуынша, әйел қарашаның аяғында ауруханаға жеткізілген. Жағдайының ауырлығын ескере отырып, ол жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлердің мәліметінше, науқастың бүкіл денесінде ірің бөртпелері, дене қызуы, бас ауруы және жүрек айнуы болған. Науқас мұндай белгілер 5 күннен бері мазалағанын айтқан.

"Әйел түрлі қытайлық дәрі-дәрмек пен майларды қолданған. Қолданудың төртінші күні одан аллергия белгілері байқала бастады. Ауруханаға жатқызу кезінде әйелдің жағдайы ауыр деп бағаланды. Дене терісінің 90 пайызы зақымданған, бет пен денесі ісінген", - деп түсіндірді дәрігер.

Дәрігерлер реанимация бөлімінде екі апта бойы қарқынды ем жүргізіп, қанды гемофильтрациямен тазартқан. Нәтижесінде дәрігерлер науқастың жағдайын жақсарта алыпты. Оның терісі толығымен қалпына келгені атап өтілді, науқас ауруханадан шығарылды.

"Белгісіз дәрі-дәрмектерді өздігінен тағайындау және қолдану денсаулыққа зор қауіп төндіреді", - деп ескертті дәрігерлер.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.