Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тариф өседі" деген жаңалықтан кейін Кентау әкімдігінде шу шықты

Опубликовано:

Кентаулықтар әкімдікке келген сәт
Кентаулықтар әкімдікке келген сәт. Фото: КТК телеарнасы

Кентау қаласының тұрғындары әлі тоңып отыр. Шағын шаһарда бір аптадан бері жылу жоқ. Шыдамы таусылған халық қала әкімдігіне басып кіріп, басшылардың жағасына жармасты. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылды.

"Кентауда жылда болатын нәрсе осы. Әкімдердің бәрі жеп-жеп кетіп қалады. Неге тарифті көтеріп жатыр, түсінбеймін. Мұндай жылумен қалай көтереді? Кентауда ТЭЦ-те жылуға дайын емес. Оны кеше әкімнің орынбасары да мойындаған.

Екіншіден, балаларды неге онлайн оқытпайды. Бәрі кеше мектептен жаурап, ауырып келді", - дейді ашынған тұрғындар.

Арна журналистерінің мәліметінше, бір апта бұрын жылу энерго орталығында жарық өшіп, төрт қазандық істен шыққан. Артынша шенеуніктер қаладағы жылу мәселесі бірден шешілгенін айтып есеп берді. Алайда тұрғындар әлі күнге жылу жеткілікті деңгейде емес деп отыр. Ол аздай, жылудың бағасы көтеріледі деген ақпарат тараған. Осыған ашулы халық әкімдікке ағылды.

Шенеуніктер 13-23 желтоқсан аралығында жылу ақысы түбіртекке қосылмайды деп мәлімдеген. Ал апта бұрын жөнделді деген жылу жүйесі алдағы күндері толық қалпына келтіріледі дейді әкімдік өкілдері. Қазір жылу орталығындағы кей қазандық жөнделіп жатыр екен.

"Бұл қазіргі температура режимі графикқа сәйкес, бүгінгі таңға 34 градус болып жатыр. Бірақ ол қазір көтеріліп келеді. Ертең төртінші қазандықты қосамыз. Қосқаннан кейін қала толық жылумен қамтамасыз етіледі", - дейді "Кентау Сервис" ЖЭО директоры Серік Симтиков.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051806-tarif-osedi-degen-zanalyqtan-keiin-kentau-akimdiginde-su-syqty/

pixel