Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ойға қонымды сома": Досаев Алматыны безендіруге бөлінген жарты миллиард теңге туралы айтты

Жарияланған күні:

Алматыдағы ҚБТУ ғимаратының алдына қойылған шырша
Алматыдағы ҚБТУ ғимаратының алдына қойылған шырша. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы әкімі жаңажылдық мерекеге орай қаланы безендіруге жұмсалатын қаржы көлеміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"2,2 млн тұрғыны бар қалаға жаяу жүргіншілерге арналған аумақтар мен арнайы алаңдарды безендіру үшін, 22 шырша қою үшін байқау қорытындысы бойынша 511 млн теңге бөлінді. Алматылықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлау қажет, сондықтан бұл ойға қонымды сома деп ойлаймын", - деді Ерболат Досаев.

Сондай-ақ ол "ескі безендіру заттары қолданылып жатыр ма" деген сұраққа:

"Қолдануға болатынын қолданып жатырмыз. Қыстан кейін барлығы сақталады, техникалық жағдайын тексереміз. Өкінішке қарай, гирляндалар күйіп кетеді, бөлшектерін ауыстыру жаңасын сатып алудан да қымбатқа түседі. Былтырғы стационарлық нысандар қайтадан қойылады" , - деп жауап берді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы әкімдігі қаланы жаңа жылға безендіру үшін жарты миллиард теңгедей жұмсалғанын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051934-dosaev-qalany-zana-zylga-bezendiruge-zumsalgan-zarty-milliard-tenge-turaly-aitty/