jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Оқушылар қысқы каникулда қанша күн демалатыны белгілі болды

Мектеп оқушылары
Мектеп оқушылары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандық оқушылар қысқы демалыста 10 күн демалады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі оқу-ағарту министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстандық мектептерде екінші тоқсан аяқталуда. Қысқы демалыс 2023 жылғы 29 желтоқсаннан 2024 жылғы 7 қаңтарын қоса алғанда 10 күнге созылады", - делінген хабарламада.

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының қысқы демалысын және бос уақытын тиімді, әрі тұлғалық дамыту мақсатында мектепішілік қысқы каникул іс-шараларының жоспарын әзірлеуде "Біртұтас тәрбие бағдарламасын" негізге алуды ұсынады.

Мектепішілік іс-шара жоспарына:

  • ғылыми жоба жұмыстары мазмұны туралы ақпараттық-танымдық сабақтар ұйымдастыруда жоғары сынып оқушылары мен ата-аналар бірлесе ЖОО-ның оқытушыларымен кездесу, ғылыми жоба туралы сұхбат жүргізу;
  • "Балалар кітапханасы" жобасы аясында "Үнемі оқитын адам – табысты адам" тақырыбында оқырмандармен кездесу, оқыған кітаптары туралы талқылау;
  • "Ұлттық мектеп лигасы" жобасы негізінде білім алушылардың денсаулығы мен әл-ауқатын нығайтуда білім ұйымдарымен бірлесе "Ұлттық ойын – ұлт қазынасы" спорттық ойындар өткізу;
  • "Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру мақсатында "Мен оқыған бір ертегі", "Парасаттылық туралы" тақырыптарында білім алушылармен әңгімелесу;
  • "Ата-аналар мектеб" жобасын орындауда "Қыз намысы – ұлт намысы", "Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен", "Отбасылық таланттар" тақырыптарында ата-аналар жиналыстарын өткізу;
  • Құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру ұсынылады.

Ведомство өкілдері аталған іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жіберілетінін атап өтті.

Оқушылар қысқы каникулда қанша күн демалатыны белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.