jitsu gif branding logo appbranding logo app

Елімізде туристер өзімен бірге GPS трекер алып жүруге міндеттелмек

Турист
Турист. Көрнекі фото: pexels.com

Бүгін мәжілісте жаңа заң жобасын таныстыру кезінде Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов тауға немесе орманды жерлерге шыққан туристерге GPS трекер беру тәртібін түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгін мәжілісте азаматтық қорғау мәселелеріне қатысты заң жобасы таныстырылды. Құжатта туристердің, экскурсанттардың, туристік қызметті жүзеге асыратын адамдардың, еліміз аумағында тұрақты тұратын азаматтар мен адамдардың ТЖМ аумақтық органдарын алдағы жүріп-тұру маршруттары туралы хабардар етуі жөніндегі міндеттерін енгізу ұсынылған.

Бауыржан Сыздықовтың айтуынша, елімізге келген туристер немесе Қазақстан азаматтары таулы жерлерде барған кезде, адасып кетіп жатады.

"Бұл тұрғыда аталған нормалар заңға енсе, туристік мекемелер Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне олардың жүретін жолдары мен бағдары жайында ақпаратты беруі керек.

Екіншіден, заңға тәуелді ережені қабылдамақпыз. Соның аясында туристік агенттіктер адамды тауға, орманды жерлерге алып шықса, GPS трекерлерді туристерге беруі керек. Бұл құрылғы туристің киіміне немесе жүгіне бекітілуі тиіс", - деді вице-министр.

Оның сөзінше, осындай талаптар адасып кеткен адамдарды тез табуға мүмкіндік береді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.