Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана маңына қатынайтын 11 автобус қозғалысын тоқтатты

Опубликовано:

Елордадағы №18 автобус
Елордадағы №18 автобус. Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты

Күн райының нашарлауынан елорда маңындағы елді мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктер рейстен алынды, деп хабарлайды Кazinform.

"22 желтоқсан, сағат 05:15-ке өзекті ақпарат: ауа райының нашарлауына байланысты қала маңына қатынайтын № 300, 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317, 327, 328 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Басқа қаламаңы бағдарлар линияда", - делінген "City Transportation Systems" ЖШС хабарында.

Айта кетейік, синоптиктер 22 желтоқсанда 13 өңірде дауылдық ескерту жариялаған еді. Атап айтқанда, Астанада қар жауып, тұман түседі. 

Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын, көктайғақ, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында – тұман, жолдарда көктайғақ, Ақмола облысында бұрқасын болады.

Жамбыл, Маңғыстау және Жетісу облыстарында жел күшейеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052029-astana-manyna-qatynaityn-11-avtobus-qozgalysyn-toqtatty/

pixel