jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Жаңбыр, қар, боран: алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады

Алматы қар тазалау жұмыстары
Алматы қар тазалау жұмыстары. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы демалыс күндері, 23-25 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, 24 желтоқсаннан бастап еліміздің басым бөлігінде жауын шашын болады.

Ал ертеңнен бастап Қазақстан аумағына ылғалдың үлкен қоры бар Атлантикалық циклон жырасы әсер етеді.

"Алдымен ол республиканың батыс аймақтарына әсер етеді, ал 24 желтоқсаннан бастап еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, қар, тұман, көктайғақ, солтүстік аймақтарда бұрқасын мен желдің күшеюі күтіледі", - делінген мамандардың болжамында.

Демалыс күндері тек еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер жоғы айтылады.

Жаңбыр, қар, боран: алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.