Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорда әкімі Жаңа жылға Астананы безендіруге қанша қаржы жұмсалғанын айтты

Опубликовано:

Астана қаласындағы шырша
Астана қаласындағы шырша. Фото: gov.kz

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар комитетінде өткен брифингте әкімдіктің қаланы Жаңа жылға безендіруге қанша қаражат жұмсағанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлады.

Журналистер осыған дейін Астананы Жаңа жылға безендіруге жалпы 2,5 млрд теңге жұмсалғаны туралы ақпарат жарияланғанын атап өтті. БАҚ өкілдері Жеңіс Қасымбектен елорда әкімдігі осы мақсатта нақты қанша қаражат жұмсағанын айтуды сұрады.

"825-823 млн теңге, бірақ бұл желтоқсан айындағы безендірілуге ғана қатысты сома емес. Біріншіден, қалада 60 алаң безендірілді, оның 15-20 алаңында сырғанақтар мен шыршалар бар. Мысалы, "Қазақ елі" алаңы. "Керуен" сауда үйінің маңындағы жұмыстар аяқталды.

Бұл біз Орталық саябақта шамамен 300- 390 метрлік сырғанау мұз айдынын бірінші рет жасап жатырмыз. Оның үстіне ЭКСПО аумағы безендірілген. Халық та мұндай алаңдар тек орталықта ғана емес, шет аймақтарда болуын талап етуде. Бөгенбай көшесі, Байқоңыр, Алматы, Сарыарқа, Нұра аудандарында алаңдар безендірілді", - деді ол.

Оның айтуынша, бұл қаражат тек құрылысына ғана емес, сондай-ақ бұндай алаңдарды күтіп ұстауға да бөлінген.

Сондықтан бұл алаңдарды жобалап, дайындап, қыс мезгілі біткенше күтіп ұстауға шамамен 823 млн теңге жұмсап жатырмыз. Сонымен қатар концерттік іс-шаралар, жаңа жылдық шыршаның ашылуы бар, барлығы бірге есептелді", - деп түйіндеді Жеңіс Қасымбек.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы әкімдігі қаланы жаңа жылға безендіру үшін жарты миллиард теңгедей жұмсалғанын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052183-elorda-akimi-zana-zylga-astanany-bezendiruge-qansa-qarzy-zumsalganyn-aitty/

pixel