Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатты жел, көктайғақ: еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Боран
Қыс. Көшеде кетіп бара жатқан адамдар. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Синоптиктер 25 желтоқсанда еліміздің бірнеше өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Астана қаласында 25 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Жолда көктайғақ болуы мүмкін.

25 желтоқсанда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жетеді.

25 желтоқсанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

25 желтоқсанда Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, орталығында екпіні 18 м/с күтіледі.

25 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді деп болжануда.

25 желтоқсанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

25 желтоқсанда Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

25 желтоқсанда Қызылорда облысының батысында, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.

25 желтоқсанда Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Шымкент қаласында 25 желтоқсанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

25 желтоқсанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

25 желтоқсанда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

25 желтоқсанда Абай облысының оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

25 желтоқсанда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде оңтүстігінде тұман, көктайғақ, жолдарда көктайғақ күтіледі.

25 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052342-qatty-zel-koktaigaq-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel