jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Қар аралас жаңбыр, көктайғақ, жел": алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

қар жауған сәт
Қыс кезі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер алдағы үш күнге, 26-28 желтоқсанға ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Метеорологтардың мәліметінше, циклонның белсенділігі Қазақстанның барлық аумағына әсер етеді.

Осыған байланысты алдағы күндері жауын-шашын (қар аралас жаңбыр) және көктайғақ болады деп күтілуде.

Сонымен қатар синоптиктердің болжамынша, республика бойынша тұман түсіп, бұрқасын болып, желдің күшеюі 15-28 м/с-ке дейін жетуі ықтимал.

26 желтоқсанда солтүстік өңірлерде өте қатты жел тұрады. Жел екпіні 30 м/с және одан асуу мүмкін деп болжануда.

Мамандар еліміздегі ауа температурасында күрт өзгерістер болмайтынын еске салды.

"Қар аралас жаңбыр, көктайғақ, жел": алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.