Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы ауылда лимон өсірген студенттер қалай табыс тауып отыр (фото)

Жарияланған күні:

студент
Сара Есенғали, студент. Фото: KAZ.NUR.KZ

Жамбылдық студенттер лимон өсіріп, табыс тауып жүр. Қордай ауданындағы колледж білімгерлері шағын жылыжай салып, өңірге таңсық өнім лимонды жерсіндерген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгінде онда 47 түп шырынды ағаш жайқалып тұр.

"Осы лимондарды ауылда бағып-баптап өсіреміз. Адам денсаулығына пайдалы. Аптасына 2-3 рет жылыжайға келеміз, топырағын реттейміз. Бұл әзірге бастамасы, бұдан да басқа жемістерді өсіргіміз келеді", - дейді Бетқайнар колледжінің 3-курс студенті Сара Есенғали.

Лимон
Лимон. Фото: KAZ.NUR.KZ

Студенттер 1 түп ағаштан 30 келі лимон алды. Экзотикалық жемістің ерекшелігі жыл он екі ай өнім береді. Білімгерлер піскен жемістерді сатып, түскен пайданы оқу ордасының керек-жарағына жұмсайды.

"Қазақстанда лимонды тек жылыжайда өсіруге мүмкіндігіміз бар. Өйткені бұл – жылуды өте қатты талап ететін жеміс. Есесіне жыл он екі ай өнім береді. Бізге, негізінен лимон көбіне Қытайдан келеді. Біздің еккен лимонның басқалардан ерекшелігі – бұл сорт апелсин тәрізді. Жылыжайға кірген кезде хош иісі шығып тұрады. Қабығы жұқа болады", - дейді колледж оқытушысы Айнұр Абдулмақсұт.

Жылыжай
Жылыжай. Фото: KAZ.NUR.KZ

Шағын жылыжайды салуға 2 млн теңгеге жуық қаржы кеткен. Ауданы 300 шаршы метрді құрайды. Студенттер енді лимоннан бөлек, тропикалық аймаққа бейім банан өсіруді жоспарлап отыр.

Авторы: Ұлдана Жұбай

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052831-zambyl-oblysyndagy-auylda-limon-osirgen-studentter-qalai-tabys-tauyp-otyr-foto/