Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда Жаңа жыл қарсаңында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Жаңа жыл қарсаңындағы Алматы
Жаңа жыл қарсаңындағы Алматы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК мамандары 28 желтоқсаннан 2 қаңтарға дейінгі күндерге арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, Қазақстанның барлық аумағында ауа райы тұрақсыз.

"Қазақстанның бүкіл аумағының ауа райына Атлантикалық циклон өз әсерін сақтап, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкеледі, сондай-ақ боран, көктайғақ және екпінді жел 15-28 м/с, 29-30 желтоқсанда солтүстік және оңтүстік өңірлерде өте қатты жел 30 м/с және одан аса болады деп күтілуде", - делінген болжамда.

30 желтоқсанда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде ауа температурасы 7-15 аязға дейін, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 3-13 аязға дейін аздаған төмендеуі күтіледі.

"30 желтоқсан - 2 қаңтар аралығында Қазақстанның ауа райын Атлантикалық циклондар сериясы және атмосфералық фронттар айқындайтын болады, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, солтүстік өңірлерде 1-2 қаңтарда қар түрінде болады деп күтіледі. Қазақстан бойынша көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі 15-28 м/с болады деп болжанып отыр", - дейді мамандар.

Ауа температурасы, мамандардың болжамына қарағанда:

  • батыста түнде негізгі фон 5 градус аяз - 5 градус жылы, күндіз 2 градус аяз 3 градус жылыдан 0-5 градус жылыға дейін ауытқиды;
  • солтүстік-батыста түнде 7-12 градус аяздан 5 градус аяз - 2 градус жылыдан, күндіз 0-8 градус аяздан 2 градус аяз - 5 градус жылыға дейін ауытқиды;
  • солтүстікте, орталықта түнде 5-15 градус аяздан 5 градус аяз - 2 градус жылыға дейін, күндіз 2-10 градус аяздан 2 градус аяз - 3 градус жылыға дейін ауытқиды;
  • шығыста түнде 7 градус аяз - 2 градус жылыдан 5-15 градус аязға дейін, күндіз 2 градус аяз - 3 градус жылыдан 0-5 градус аязға дейін ауытқиды;
  • оңтүстікте, оңтүстік-шығыста негізгі фон түнде 0-10 градус, таулы аудандарда 10-15 градус аяз, күндіз 3 градус аяз 5 градус жылы, таулы аудандарда 6 градус аяз болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052943-qazaqstanda-zana-zyl-qarsanynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel