jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Енді ҰБТ сертификатын eGOV mobile арқылы алуға болады

Емтихан тапсырып отырған талапкер
Емтихан тапсырып отырған талапкер. Көрнекі фото: Рixabay.com

ҰБТ сертификатын eGOV mobile арқылы алуға болады. Ол жерде талапкердің ҰБТ-да әр пән бойынша жинаған ұпайы туралы ақпарат қамтылған. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында хабарланды.

Ғылым және жоғары білім министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, "Ақпараттық ұлттық технологиялар" АҚ бірлесіп, eGov mobile мобильді қосымшасында "Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты" деп аталатын жаңа цифрлық құжатты іске қосқан. Енді ҰБТ сертификатын eGov Mobile арқылы электронды түрде алуға болады.

ҰБТ сертификаты пайдаланушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуде әр пән бойынша жинаған ұпайлары туралы ақпаратты қамтиды. Цифрлық сертификатқа Ұлттық тестілеу орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады, бұл оның деректерінің растығына және қауіпсіздігіне кепіл береді.

Сондай-ақ қосымшада ҰБТ сертификатының бірнеше түрін алу мүмкіндігі ескерілген. Мысалы, бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда бірыңғай тестілеу балдарына ауыстыруға болатын IELTS, TOEFL халықаралық сертификаттарының балдары мен IB, ACT, SAT, A-Level сияқты халықаралық стандартталған тестілердің нәтижесі есептеледі.

ҰБТ сертификатын алу үшін:

  • Қосымшаға кіріп, басты бетте "Сандық құжаттар" деген бөлімді таңдау;
  • Құжаттар тізімін жаңартып, сертификатты алу қажет.

Айта кетейік, ҰБТ сертификатының мерзімі құжатта көрсетілген. Егер жарамдылық мерзімі өтіп кетсе, онда сертификат сандық құжаттар тізімінде көрсетілмейді. Сертификат иесі оны QR код арқылы ала отырып, құжатты сұратқан тарапқа оның түпнұсқалығын тексертуіне болады. 

Енді ҰБТ сертификатын eGOV mobile арқылы алуға болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.