Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің үш облысындағы 4 учаскеде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Опубликовано:

боранды күнде жолда тұрған көліктер
Боранды күнде жолда тұрған көліктер. Көрнекі фото: MarianVejcik / Getty Images

Үш облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ АОФ мәліметінше, қазіргі уақытта мына өңірлердегі учаскелерде көлік қозғалысына шектеу енгізілген. Олар:

Ақтөбе облысында – 1 учаскеде

  • "Самара-Шымкент" автожолында 844-965 км, "Аманат" кемпингінен-Қарабұтақ аулына дейін – 121 км.

Алматы облысында – 1 учаскеде

  • "Алматы-Ташкент-Термез" автожолында 59-143 км, Жанакұрылыс аулынан-Жамбыл облысының шекарасына дейін – 84 км.

Жамбыл облысында – 2 учаскеде

"Алматы-Ташкент-Термез" автожолында 159-238 км. Кенен аулынан- Қайнар ауылына дейін – 79 км.

  • "Алматы-Ташкент-Термез" автожолында 143-214 км, Алматы облысының шекарасынан-Қордай ауылына дейін – 71 км.

"Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады. Қазіргі кезде республикалық маңызы бар автожолдарда 272 техника жұмыс істеп жатыр", - дейді "ҚазАвтоЖол" ҰК" өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052985-us-oblysta-respublikalyq-manyzy-bar-avtozoldardyn-4-ucaskesinde-kolik-qozgalysyna-sekteu-engizildi/

pixel