jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Павлодар облысында Жаңа жылға балалар жарамдылық мерзімі өтіп кеткен кәмпиттер алды

Кәмпит
Кәмпит. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақсулық балалар жаңа жылға жарамдылық мерзімі өтіп кеткен кәмпит алды. Бұл жағдай ерекше балалар қатысқан мерекелік іс-шарада орын алды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Басылымның жазуынша, әлеуметтік желіде кәсіпорындардың бірі ерекше балаларға мерзімі өтіп кеткен тәттілер таратқаны туралы ақпарат тарады.

"Кеше балаларға арналған шырша болды. Көңіл күйіміздің бұзылғаны және мерзімі өтіп кеткен тәттілер үшін рахмет. Біздің балаларымыз ерекше болғаны үшін оларға осындай бұзылған тәтті беруге бола ма? Салып жатқан кезде қарауға болмады ма", – деп жазған желі қолданушысы.

Ақсу қаласы білім беру бөлімінің басшысы Қайрат Смағұловтың айтуынша, мерзімі өтіп кеткен тәттілерді жабдықтаушы жеткізген.

"Мұндай жағдай бірінші рет болып отыр. Олар сегіз жылдан бері сыйлықтар әкеледі және мұндай болған емес. Кәмпиттердің қатты болуы мен мерзімдерінің өтіп кетуі ата-аналардың ашуын тудырды", – дейді Қайрат Смағұлов.

Бөлім басшысы шағымдардан кейін тәттілердің қаптамасының сыртында жаңадан жарамдылық мерзімі жабыстырылғанын көргенін айтады. Бұдан кейін ата-аналармен Zoom арқылы жиналыс өткізіп, олардан кешірім сұраған.

"Сыйлықтардың жарамдылық мерзімін тексермегенім үшін өз кінәмді мойындаймын. Бұл – ерекше балалар. Тіпті, осылай болады деп ойламаған едім. Бұған қоса, сыйлықтарды ертерек емес, шырша мерекесі таяп қалған кезде жеткізді", – дейді Қайрат Смағұлов.

Бөлім басшысы алдағы күндері сыйлықтар ауыстырылатынын мәлім етті.

Павлодар облысында Жаңа жылға балалар жарамдылық мерзімі өтіп кеткен кәмпиттер алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.