jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Жаңа жыл мерекесіне орай ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

ХҚКО
ХҚКО. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Жаңа жыл мерекесіне орай Халыққа қызмет көрсету орталықтары 1-2 қаңтарда жұмыс істемейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, ХҚКО-лар 3 қаңтардан бастап әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді.

"Азаматтарға арналған үкімет" МК өкілдері орталықтар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-18:00 аралығында қабылдайтынын еске салды. Сондай-ақ кезекші ХҚО-лар дүйсенбі мен жұма аралығында 9:00-ден 20:00-ге дейін және сенбі күндері сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

"Мемлекеттік корпорация сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, бақыт пен молшылық тілейді", - делінген хабарламада.

Жаңа жыл мерекесіне орай ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.