Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір апта бұрын білдік": Шымкентте жүзден астам отбасы далада қалуы мүмкін

Опубликовано:

Жиналған жұрт
Тұрғындар. Фото: almaty.tv

Шымкенттегі Асар шағынауданындағы жұрт қаланың жаңа бас жоспарына сәйкес үйлерінің қызыл сызыққа енгенін бір апта бұрын білген. Бұл туралы Almaty.tv арнасы деп хабарлады.

Телеарна мәліметінше, жиналған жұрт Шымкенттегі Алмас көшесінен 7 жыл бұрын жер телімін сатып алған. Содан бері ұзындығы 3 шақырымды алып жатқан көшеде 200-ден астам үй бой көтерген. Тұрғындардың жартысында құжат болса, қалғаны енді көшіп келіп, рәсімдеуге кіріскен.

"Басында тексерген кезде жерге тұрғын үй салуға болатынын айтқан. "Үш жыл ішінде құжаттарды жасап аласыздар" деген. Су, электр жарығын тұрғындар айқай-шумен қойдырды. Бар мәселе шешілді дегенде бір апта бұрын осы жаңалықты білдік", – деді қала тұрғыны Дәуренбек Абылаев.

Арна тілшісінің хабарлауынша, далада қалатын болдық деп шулаған бұқарамен кездесуге әкімдік өкілдері келген. Қаланың үлкейгенін айтқан басқарма басшысы кептелісті азайтатын үлкен жол керек екенін айтты. Жол осы Алмас көшесінен түспек.

"2012 жылы 20 метр көше салу жоспарға енген. Қазір қала өсті. Ол кездегі бас жоспар 680 мың адамға арналса, қазір бас жоспар 2 млн тұрғынды есепке алып отыр. Сондықтан көлік кептелісін азайту мақсатында қалалық жол инфраструктурасы қарастырылды. Қаланың негізгі көшелері 3 айналма жолдан тұратын болады. Қазіргі Алмас көшесі – соның бір бөлшегі", – деді Сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков.

Бір аптадан бері уайымға батқан тұрғындармен кездесуге қала әкімі де келді. Тұрғындармен жүздескен шаһар басшысы мәселенің шешілетінін айтты. Жергілікті билік көшеге түсіп тұрған қызыл сызықты алып тастайтын болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053024-bir-apta-buryn-bildik-symkentte-zuzden-astam-otbasy-dalada-qaluy-mumkin/

pixel