Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы автобус апаты: сенатта қоғамдық көліктегі қауіпсіздік мәселесі көтерілді

Опубликовано:

Автобус адамдарды қағып кеткен жер. Алматы
Автобус адамдарды қағып кеткен жер. Алматы. Фото: NUR.KZ/Юлия Абрамова

Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай палатаның жалпы отырысында ел мегаполистеріндегі қоғамдық көлікпен жүру қауіпсіздігі туралы депутаттық сауалын жолдады. Оның айтуынша, Алматыда таяуда болған жағдай көптеген проблеманың бетін ашып берген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Депутат Қазақстанда жол апаттарынан жыл сайын 2 мың адам көз жұматынын мәлімдеді.

"Кейінгі бес жылда мыңнан аса жасөспірімнің ажалына жол-көлік оқиғалары себеп болған. Қазақстанда биылың өзінде 11 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Орталық Азияда бұл ең жоғарғы көрсеткіш. Өткен аптада автобус жүргізушісіне жасалған шабуылдың кесірінен аялдамадағы үш адам, соның ішінде 4 баланың ата-анасы - ерлі-зайыпты ұстаздар қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасы мегаполистерде шешілмей келе жатқан бірқатар өткір мәселелерді көрсетіп отыр", - дейді депутат мәжіліс төрағасы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында.

Оның сөзінше, қоғамдық көліктерде қауіпсіздік мәселесі мүлде қарастырылмаған. Аялдамалардың көпшілігі тым жақын орналасқан.

"Мегаполистерде қоғамдық көлік тапшылығы аса өткір. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мәліметі бойынша, 2030 жылға қарай Астанада халық саны 33 пайызға, яғни 1,7 млн адамға, Алматыда 20 пайызға 2,4 млн адамға, Шымкентте 1,5 млн адамға дейін өседі. Бұл ел халқының төрттен біріне жуық.

Қазірдің өзінде осы қалаларда шоғырланған адамдар қаладан шет аймақта, жеке секторда тұрады, мұнда мектептер мен балабақшалардың тапшылығы жоғары. Сондықтан, бұл қалаларда жол кептелісі үлкен проблема. Тіпті жедел жәрдем көліктері сағаттап тұрып қалады. Елде 5 млн 216 мың көлік тіркелген. Оның ішінде 80 пайызы жеңіл көліктер. Тек 2,2 пайызы автобустар. Автокөліктердің 80 пайызы ескірген", - делінген депутаттық сауалда.

Осылай дей келе, сенатор бірнеше ұсынысын айтты.

"Халқы жылдам өсіп жатқан қалаларда зерттеу мен сараптамаларды күшейтіп, сауда, бизнес, қызмет көрсету, білім нысандарын халық тығыздығына қарай біркелкі орналастыруды бақылауды, қала қозғалысыны бақылаудың бірыңғай орталықтан басқару және ақылды бағдаршамдар жүйесін енгізуді ұсынамыз. Бағдарларды, қоғамдық көліктерді көбейтіп, қоғамдық көліктердің қауіпсіздігін күшейту керек", - деп мәлімдеді депутат.

Алматыдағы автобус апаты

Еске салайық, 22 желтоқсанда Алматыда №7 аурухана маңында автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып өткені хабарланған еді. Кейін қалалық ПД өкілдері оқиғаның жай-жапсарын айтты.

Оқиғадан 7 адам зардап шеккен, олардың үшеуі жедел жәрдем келгенше оқиға орнында қаза болған. Төрт адам ауруханаға жатқызылған. Олардың ішінде 15 жастағы бала бар.

Сонымен қатар жүргізуші әйелді ұрған жолаушыға қатысты екі бап бойынша іс тіркелгені хабарланды. Ол қамауға алынған. Кейін автобус адамдарды қағып өткен сәттің видеосы жарияланды. Одан кейін желіде апат кезінде автобус салонында болған жағдай көрсетілген ролик тарап кетті.

Сондай-ақ дәрігерлер зардап шеккен төрт адамның жағдайын айтып берген еді: олардың үшеуі медициналық мекемеде ем алып жатыр. Ал жүргізушіге шабуыл жасады деген күдікті 2 айға қамауға алынды.

Бұдан бөлек автобус апатында қаза тапқандардың туыстары оқиғаның мән-жайын айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053119-almatydagy-avtobus-apaty-senatta-qogamdyq-koliktegi-qauipsizdik-maselesi-koterildi/

pixel