jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Жел екпіні секундына 30 метр: Қазақстанның 8 өңірінің тұрғындарына ескерту жасалды

Жел
Жел. Көрнекі сурет: Рixabay.com

Метеорологтар ертең, 29 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжап, еліміздің кейбір өңірінде қауіпті ауа райы құбылыстары болатынын ескертті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, атлантикалық циклон жылғасы мен атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты әлі де бүкіл Қазақстан аумағында сақталып отыр.

Ертең солтүстікте, оңтүстіктің таулы аймақтарында жауын-шашын, ал оңтүстік-шығыста - қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тұтастай алғанда, ел бойынша тұман, көктайғақ, боран, екпінді жел тұрады деп болжанып отыр.

"Оңтүстік-батыста, Жамбыл облысы таулы аудандарында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Түркістан облысының таулы асуларында, күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, орталығында, Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарды 30 м/с немесе одан да аса қатты жел соғады деп күтіледі", - делінген хабарламада.

Жел екпіні секундына 30 метр: Қазақстанның 8 өңірінің тұрғындарына ескерту жасалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.