Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда иттің кесірінен теледидар көре алмаған тұрғын полиция шақыртқан

Опубликовано:

Қауаған иттер
Қанғыбас иттер. Көрнекі фото: pexels.com

Павлодарда ит үріп, мазасы кеткен тұрғын мәселені шешіп беру үшін полицияға жүгінген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, Естай көшесіндегі үйдің тұрғыны көршісінің итіне шағымдану үшін "102" нөміріне хабарласқан. 

"Көршілер жұмысқа кеткен сайын олардың иті үреді. Мен үйде кішкентай баламен отырамын. Иттің үргенінен күні бойы шаршаймын. Тіпті, бөлмемдегі қосулы тұрған теледидардың дыбысын естімеймін. Көршілерге қанша рет өтініш білдірдім, алайда мәселе шешілмей жатыр", - деді жас ана.

Тұрғынның шағымынан кейін полицейлер иттің иелерімен профилактикалық әңгіме жүргізген.

"Иттің үргенін қатты музыка сияқты өшіріп тастауға болмайды. Біз үйде болған кезде бәрі тыныш болады", - деп ақталған иттің иесі.  

Тәртіп сақшылары басқа уақытта көршілермен бейбіт келісімге келуге кеңес берген.

Басылым тілшілері заң бойынша егер сағат 22:00-ден кейін полицейлерге иттің қатты үргеніне қатысты шағымданса, жануар иесі Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 437-бабы бойынша жауапқа тартылатынын еске салды.

Жалпы жыл басынан бері 6 мыңға жуық павлодарлық тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053157-urgeninen-kuni-boiy-sarsaimyn-pavlodarda-ittin-kesirinen-teledidar-kore-almagan-turgyn-policiya-saqyrtqan/

pixel